Дін проблемаларын зерттеу орталығы семинар-тренинг өткізді

Дін проблемаларын зерттеу орталығы семинар-тренинг өткізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Кеше Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы ғимаратының мәжіліс залында облыс әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» Тараз қаласының және аудандық әкімдіктерінің ішкі саясат бөлімдерінің және жастар орталықтарының басшыларымен семинар-тренинг өтті.

Кездесуге «Һибатулла Тарази» орталық мешітінің атынан наиб имам Аманбаев Ержан қатысып, «Дін және дәстүр» тақырыбында баяндама оқыды.

Сонымен қатар, бқл семинарға облысымыздағы ішкі саясат және жастар саясаты басқармаларының басшылары, аудандардың ішкі саясат және жастар орталықтаның бөлім басшылары, облыстық білім басқармасы өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы мен этномәдени орталықтар өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, діни бірлестік басшылары және бұқаралық ақпараттық құрал өкілдері де қатысты.

«Дін проблемаларны зерттеу орталығы» атқарған іс-шаралары, зерттеулері, зерделеулері нәтижесі туралы облысымыздағы ішкі саясат бөлімдерінің және жастар орталықтарының басшыларына баяндалды. Және атқарып жатқан жұмыстарына жаңа ұсыныстар беру ісі қаралды.

Сонымен қатар, облысымыздағы өзекті мәселелерді жаңа қырынан қарап, оның шешу жолдарын қарастыру, Ішкі саясат және жастар саясаты басқармаларын қарым-қатынасын нығайту, ақпараттық-насихаттық іс-шараларды күшейтіп, облыс тұрғындарын теріс пиғылды ағымдарға кіріп кетпеудің алдын алу мәселелері де талқыланды.

hibatulla.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: