Жастармен кездесу

Жастармен кездесу

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқарамасы еліміздегі барша дін қайраткерлерінің алдына отбасы және ондағы ауызбірлік ынтымақ жайлы жастар арасында жүздесулер өткізуді тапсырған болатын.

Міне осы тапсырманы басшылыққа алған Аудандық «Төле би» мешітінің бас имамы Қуандық Берікұлы ауданымыздағы С. Шакиров мектебінің жоғарғы сынып оқушыларымен Дін-тәрбие діңгегі атты кездесу өткізілді. Осы сияқты Шу ауданы бірлік ауылындағы М.Х.Дулати атындағы орта мектебінің жогарғы сынып оқушыларымен Бірлік ауылының мәдениет үйінде кездесу өткізілді.
Онда экстремизмнен сақтану тақырыбы қозғалды. Жүздесу жастар тарапынан қызығушылық тудырды. Аудан бас имам студенттердің көптеген сауалдарына нақты жауап берді, соңынан жастарға дінге деген сауаттарын арттыру мақсатында Төлеби мешітінде басып шығарылғын «Намаз Жәннаттын кілті» және «Уайымдама» атты кітапшалар таратылды.

Шу ауданы Төлеби мешітінің
іс басқарушысы Ғалым Есіркесінұлы

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: