Орталық мешіт алқа мүшелерімен кезекті жиналысын өткізді

Орталық мешіт алқа мүшелерімен кезекті жиналысын өткізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Облыстық мешіттің алқа мүшелерінің биылғы кезекті басқосуына алқа мүшесі құрамына кіретін мешіт ақсақалдары мен мешіт имамдары қатысты. Бұл жиында өкіл имам Данияр Әлимұхаммедұлы өткен жылы атқарылған іс-шараларға, мешіттің ішкі және сыртқы қажеттеліктеріне жұмсалған қаражаттың есебін берді.

Бас имам есепті 2013 жыл мен 2014 жылды салыстыра отырып жүргізді. – «2013 жылы мешіттің жәшігіне 15 903 000 теңге, ал 2014 жылы 26 900 000 теңге түсті. Оның 10 млн. 600 мың теңгесі қайырымдылық ретінде, 15 млн.600 мың теңгесі жәшік арқылы, 1 млн. теңгесі садақа және мешіт дүңгіршектерін жалға беру есебінен түсті. Ал осы қаражаттардың жұмсалу жолдарын тарқатып айтқанда 6 млн. 500 мың теңге – түрлі қайырымдылық іс-шараларына, Мешіттің ішкі және сыртқы шығындарына – 18 млн. 600 мың теңге, Насихаттық топ жұмыстарына – 1 млн. 800 мың теңге бөлінді. Осының барлығы да дініміздің өркендеуіне, мешітіміздің хал ахуалының жақсырауына қызмет етіп отыр. Әлбетте мұны біз халықтың кеңпейілділігі, дінімізге жанашырлығы, әрдайым мешітімізге жомарттықпен қол ұшын созуы деп білеміз. Алла ел-жұртымызға разы болсын. Жалпы, қаражатты үнемдеп жұмсау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Біз 2014 жылы Орталық мешіт жанындағы «Һибатулла Тарази» медресесі ұстаздарының айлық жалақысын көтеріп, әлеуметтік жағдайының түзелуіне барынша ат салыстық. Алдағы уақытта да медресе ұстаздарына көңіл бөлетін боламыз. Ұстаздарымыз алаңсыз еңбек етуі үшін тұрмыс жағдайы мүмкіндігінше жақсы болғаны дұрыс – деді Бас имам.

Сонымен қатар, осы жиында өкіл имам жылдағы дәстүрге  сай алқа мүшелерінің құрамын өзгертіп, тексеру комиссия құрамын жаңа мүшелермен толықтырды. Тексеру комиссиясының төрағасы болып облыстық мешіттің наиб имамы Ғалымбек Жәпек бір ауыздан сайланды.

Әбдіжаппар Әміров

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: