Жамбыл ауданындағы Тастөбе ауылдық орта мектебінде оқушылармен кездесу өтті. Кездесуге «Бәйдібек» мешітінің бас имамы Ғайырфулла қажы Қуанышбекұлы аудандық білім бөлімі және ауыл әкімі қатысты.
Өз сөзінде аудан имамы: "Халқымыз Ислам дінін дәстүрлі дін ретінде бірнеше ғасырлардан бері қолданып, өз ұрпақтарын осы дінде тәрбиелеп келеді. Бұл - дінімізді халықтың қолдап отырғанының айқын көрінісі", - деді.
Мешіттерге келушілер саны қай өңірде болмасын жылдан-жылға арта түсуде. Дәстүрлі діннің ерекшілігі жөнінде жан-жақты айтылды.
Әмірбек Әбдіразақ
«Бәйдібек» мешітінің найб имамы