Төлеби мешітіндегі қайырымдылық

Төлеби мешітіндегі қайырымдылық

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алланың үйі Алланың разылығы үшін мұқтаж жандарға көмек қолын созып, қолдан келгенше жақсылық жасаудан шаршаған емес. Қайырлы істі қашанда қолдап, өзгеге үлгі етуді әдетке айналдырған еліміздегі түкпір-түкпіріндегі мешіттер Алла разылығы үшін қайырымдылық жасауда.

Қайырымдылық - көмекті қажет етушілерге білдірілетін сүйіспеншілік пен нақты көмек екенін білгеніміз жөн. Сол сияқты Шу ауданы Төлеби мешітінде де қайырымдылық шарасы өз орын тапты. Айта кетсек ауданымызда тұратын мұқтаж отбасыларына отын-су, азық –түлік т.б сол сияқты өмірге қажетті заттар мен көмек көсетілуде. Атап айтсақ бір отбасына 4 қап көмір, 50 кг ұн, 40 кг картоп, 50 кг күріш, жамылғыш көрпе және төсеніш клем берілді, біріне мешітімізге садақа ретінде келген 1 қой етін мұқтаж жандарға таратылды, сонымен қатар ауданға қарасты Жылғабек ауылы мешітіндеде ауыл молдасы А.Қоспановтын ұйымдастыруымен дін жолындағы студент қыз балаға оқуына 25 000 теңге ақшалай көмек көрсетілді. Осындай қайырымдылық істері әлі де өз жалғасын табатының айтып өтті ауданымыздың Бас имамы Мусаев Қ.
Көмекке мұқтаж болған жандар мешітімізге өз алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді. Қарлығыштың қанатымен су сепкендей кішкентай болса да игілікті істер қашанда сауаптан болары анық.

Шу ауданы Төлеби мешітінің
іс басқарушысы Ғалым Есіркесінұлы

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: