Өкіл имам Елбасының «Шапағат» медалімен марапатталды

Өкіл имам Елбасының «Шапағат» медалімен марапатталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін облыс әкімшілігінің ғимаратында өткен жиында Облыс әкімінің бірінші орынбасары Орынбеков Бекболат Серікбайұлы ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Жұмабаев Данияр Алимұхамедұлына ҚР Президентінің марапатын салтанатты түрде табыс етті.

Данияр қажы Елбасымыз Н.Әбішұлының 2014 жылғы 5 желтоқсандағы  Жарлығы бойынша «Шапағат» медалімен наградталды.

Қоғамға жасаған ерен еңбегіңіздің Елбасы  тарапынан бағалануы – халықтың тарапынан бағалануы. Осы қуанышты барша жамағатпен бөлісе отырып, бас имам Данияр Жұмабаевты бүгінгі жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз. Отбасыңыз берекелі, еңбегіңіздің табысты болуын, әрдайым биік белестерден көрінуіңізді тілейміз.

Дін саласында аянбай қызмет жасап келе жатқан өкіл имам осы уақытқа дейін бірнеше түрлі марапаттар мен алғыс хаттармен марапатталған болатын. Данияр қажы - қоғамда өз орны бар белсенді дін қызметкері, абыройлы азамат, тамаша басшы және отбасының ұйытқысы.

Лаура Қанатқызы,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: