Адамзаттың асыл тәжі

Адамзаттың асыл тәжі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қаратау қаласындағы "Балалар өнер мектебінде" аудандық "Қаратау" мешітінің ұйымдастыруымен және аудан әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Адамзаттың асыл тәжі» атты рухани  Мәуліт кеш болып өтті. 

 Аталмыш шараға Талас ауданының әкімі Рысмендйев Болат Қанатбайұлы, Аудандық «Қаратау» мешітінің Бас имамы Алиев Нұрсұлтан  және аудандағы барлық мектептердегі дінтану пәнінің мұғалімдері, ауыл имам-молдалары, ауыл, қала ақсақалдары, қала тұрғындары мен студент жастары қатысты.

Мерекелік кеш Алланың Кәләмі қасиетті Құран оқумен басталып, құқттықтау сөздермен жалғасын тапты. Алғашқылардан болып сөз алған Талас ауданының әкімі Рысмендйев Болат Қанатбайұлы және Жамбыл обл «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Ержан Маханұлы   жамағатты Хазреті пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның (с.а.у.) туылған айы мәуліт мерекесі мен құттықтап, өздерінің ыстық ықыластары мен жүрек жарды жылы лебіздерін білдірді.

Кешке арнайы шақыртылған Шымкент қаласындағы «Асыл мұра» шығармашылық орталығының өнерпаз жастары діни әндер шырқап жастар үшін тәрбиелік мәні зор әсерлі көріністер мен қойылымдар қойып берді. 

Осылайша өзімен бірге күллі әлемге рахмет шуағын алакелген ардақты елшіге (с.ғ.у) халық болып құрмет көрсетілді.

Аудандық Қаратау мешітінін баспасөз қыметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: