Облысымыздың бас имамы Жұмабаев Данияр қажының бастамасымен жағдайы төмен 21 отбасына Мерейлі Мәуліт құрметіне орай қайырымдылық шарасы жасалды.
Бас имам бастамасы: Мәуліт қарсаңындағы қайырымдылық шарасы. Мұндай ізгі шараларды «Һибатулла Тарази» мешіті жылда ұйымдастырады. Қайырымдылық ісі әдетте Тараз қаласында тұратын тұрғындарға жасалса, биылғы қайырымдылық шарасының бір ерекшелігі ауылды жерлерде, шет аймақтарда тұратын жағдайы төмен отбасыларға жасалды.
Тараз қаласының маңында орналасқан ауылдарда тұратын жағдайы төмен 7 отбасына, Жамбыл ауданында орналасқан ауылдарда тұратын жағдайы төмен 7 отбасына, Байзақ ауданының шет маңында орналасқан ауыл-аймақтарда тұратын 7 отбасына қайырымдылық шарасы жасалды.
Мешіт қызметкерлерінен қайырымдылық көрген мұқтаж жандар алғыстарын айтып, разылықтарын білдірді.
Қайырымдылық қашанда ізгіліктің анық көрінісі болып табылады.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі