Тағылымы мол мүбәрак Мәуліт кеші өтті

Тағылымы мол мүбәрак Мәуліт кеші өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Күндердің сұлтаны, қасиетті жұма күні «Һибатулла Тарази» мешітіне жұма намазына жиналған қалың жұртшылық намазын өтеп, облыстық орталық мешіт ұйымдастырған қасиетті Мәуліт кешін тамашалауға  қалалық «Баласағұн» орталық концерт залына жиналды.

Жыл сайынғы дәстүрге сай зал іші үлкенді-кішілі жамағатқа лық толды.  Кешті «Асыл мұра» өнер орталығы және сол орталықтың қызметкері Бекзат Сәкенұлы жүргізді. Айтулы іс шара «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Әбдіжаппар Әміровтың  Құран оқумен басталды.

Облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Нұрпапаұлы және облысымыздың ҚМДБ бойынша өкілі, «Һибатулла Тарази» орталық мешітінің бас имамы Данияр қажы Алимұхамедұлы да жиналған жұртшылықты, қала тұрғындарын Мәуліт мерекесімен құттықтап  сөз сөйледі.

«Асыл мұра» өнер орталығының өнерлі жігіттері кеште тағылымы мол қойылымдар қойып, көрермендердің көңілін бір серпілтті. Жандос Мырзабеков «Жақсы мен жаман» термесін орындады, сонымен қатар, басқа да жыр-термелер айтылды.

Кеште өкіл имам Данияр қажы дін саласында қажырлы еңбек атқарғаны үшін Қордай, Т.Рысқұлов, Талас және  Байзақ аудандарының имамдарын алғыс хатпен марапаттады.

Кешті ұйымдастырып отырған «Һибатулла Тарази» мешіті Мәуліт меркесіне арналған рухани кешті тамашалауға келгендерге Мұхаммед Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өмірі туралы жазылған үш томдық кітаптар және «Иман» журналы салынған 800 пакетті сыйға таратты. Ақжаулықты әжелеріміз шашу шашты. Кеш соңында «Зікірулла» әні орындалды.

Тағылымды кештен рухани әсер алған халық алғыстарын жаудырып,  көңілді тарасты.  

 

Лаура Алмаханова,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

    

   

  

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: