Аудандық «Қордай» мешітінің ұйымдастыруымен уағыз-насихат жұмыстары жалғасуда. Осы бағыттағы кездесу Қордай электр жүйелері мекеме қызметкерлерімен болды. Кездесуге аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы, дінтану магистрі Д.Жандосұлы және мекеме ұжымы қатысты. Кездесу «дінді дұрыс түсіну» тақырыбында өрбіді. Стратегиялық маңызы бар нысанның қызметкерлерінің дінді дұрыс түсінуінің өзі үлкен жетістік.Дін маманы Д.Жандосұлы Ислам дінінің негізгі құндылықтарын түсіндіріп, қиссалармен, оқиғалармен уағызын тартымды етіп, қазіргі уақыттағы түйткілді мәселе болған жиһад, шаһид деген сияқты түсініктерге тоқталып өтті. ҚМДБ-ның Франциядағы Charlie Hebdo журнал редакциясында болған оқиғаға байланысты мәлімдемесінде түсіндіре кетті. Мекеме қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, наиб имам тарапынан тиісті жауаптарын алды.
Аудандық «Қордай» мешітінің
баспасөз қызметі