Меркі жеріндегі Мәуліт кеші

Меркі жеріндегі Мәуліт кеші

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ұлы тұлға, адамзат асылы Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) туған күні «Мәуліт» мерекесін Меркі жеріне Аллаһ тағала нәсіп етіп 19 қаңтар күні жұртшылық болып тойланып, аталып өтті.

Ауданның мәдениет сарайында халықтың жиналғаны соншалық ине шаншар жер қалмады. Ақсақалды қариялар, ақжаулықты аналар, үлкенді кішілі жастар. Аудан әкімшілігінің басшылары, ауыл әкімдері, мекеме басшылары қатысты.

«Мәуліт» мерекесіне арналған іс-шаралардың бастауы Құранмен басталды. Құранды мақамымен жүрек тербететін әсем үнмен Жүніс молда мешітінің молдасы Дастан қари Жақсымбетұлы оқыды. Одан әрі аудан әкімі Бақтияр Көпбосынов,  облыстық «Һибатулла тарази» мешітінің найб имамы Ғалымбек Төлегенұлы мінберге шығып, жиналған халықты «Мәуліт» мерекесімен құттықтады. Көпшілік халықтың ықыласына бөленген Ғалымбек Төлегенұлы өзінің аз уақытта сөйлеген сөзінде Пайғамбарымыз жайлы ғибратқа толы жүрек жарды лебізі залдағылардың көңілінен шыққанның бір белгісі, бірі шапалақ ұрса, бірі Аллаһу акбар деп ықылас ниеттерін көрсетіп жатты. Мерекелік діни іс-шаралар өз жалғасын тауып, діни өлеңдер, көріністер, 500 дана намаз оқып үйренейік атты кітап таратылды. Имамдардың қатысуымен Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ның Пайғамбарлық өмір жолдарынан «Мәуліт» оқылып, соңғы намазы жайлы бейне көрсетілді. Содан бесін намазы оқылып, 500 адамға арналған «Меркі-ата» мешітінің асханасында мерекелік дастархан жайылып, ас берілді. Алғыстарын білдірген жамағат Мәуліт мерекесіне арналған діни іс-шараға көңілдері толып, әркім өз ризалықтарын білдіріп жатты. Бастысы Аллаһ тағала разы болсын.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: