Ғаламның рахым нұры, адамзаттың ардақ тұтар тұлғасы

Ғаламның рахым нұры, адамзаттың ардақ тұтар тұлғасы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Т.Рысқұлов аудандық М.Өзбеков атындағы мәдениет үйінде, ғаламның рахым нұры,  адамзаттың ардақ тұтар тұлғасы, соңғы Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Мұхаммедтің туылған айына байланысты, Мәуліт мерекесі арнайы аталып өтті. Мерекені көруге жиналған мұсылман қауымы мәдениет үйінің ішіне лық толды.

Мәуліт мерексіне арналған жиын Дадабаев Тілеужанның құран оқуымен ашылды. Аудан ішкі саясат бөлімінің бастығы Жамалбеков Нұрдаулет Мәуліт мерексіне орай ұйымдастырған бұл кешке жиылған жамағаттын мерекесімен құттықтап сөз сөйледі.

Облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Кенесбайұлы Таңат: "Құрметті мұсылман қауымы Мәуліт мерекесі мүбарак болсын! Ұлық мерекеде Аллаға мадақ сүйікті Мұхаммед с.ғ.с Пайғамбарымызға салауат айту сауапты амал. Құранда да Алла Тағала шынында Алла Тағала және оның періштелері Пайғамбарға салауат айтады. Ей мүминдер сендерде Пайғамбарға салауат айтып, сәлем жолдаңдар деп бұйырады және Пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с хадисінде кімде кім маған бір салауат айтса, Алла Тағала оған он салауат айтады. Он қателігін сызып, он есе дәрежесін жоғарлатады деген",-деп жиналған көпшілікке Мәуліт жайлы тереңінен ұғындырды.

Мерекенің мазмұнын байытып мәнін аша түскен Аудандық жастар театрының өнерпаздарының дін насихатындағы ғибратты оқиғаларды көрініс ретінде қойған актерлік шеберліктері көрермен көңіліне ой салып, көздеріне еріксіз жас келтіріп ерекше әсерге бөледі. Ауылдық мешіт имамдарының айтқан Мәуліт салауаттары мен мадақтары, жиналған жұрттың жүрегін бір серпілтті. Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының айтқан діни әндері, термелері ұлтымыздың патриоттық әндері мерекенің әрін кіргізіп жиналған көрермендерді қуанышты көңілге бөледі.

Осы мерекенің ұйымдастырушысы, «Аудандық Сұлтан» мешітінің бас имамы Сұлтаншәріп қажы жұртшылықты Мәуліт мерексімен шын жүректен құттықтап , Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с)-ның ислам дінің таратудағы басынан кешкен жағдайларын, өмір тарихы мен өнегелі жолы жайлы айтылған уағызын жиылған жамағат ұйып тыңдады.

Бұл мерекені жоғары деңгейде өткізу жылдағы қалыптасқан дәстүрге айналған. Осы іс шараға өз үлесін қосқан аудандық Аудандық жастар театрының ұжымына, дініміздің насихатталуына қалам тербеп, әртүрлі мақалаларын мерзімді баспасөз бетінде жариялап отырған, облыстық «Ақ жол » газетінің редакторы Сейсен қажы Қожекеге және мәулітті өткізуге демеушілік көрсеткен азамттарға, өз алғысын білдірді.
Асыл дінімізге қызмет етіп жүрген аудан,ауыл имамдары алғыс хатпен мараптталды.
Мәуліт соңында мәулітке жиналған көшілікке арнайы кітаптар таратылды.
Жиын аяқталған соң көшілік қауым «Шаңырақ» майрамханасына барып жайылған дастарханнан дәм татты. Онда ауданың бас имамы Сұлтаншіріп қажы марқұмдарға құран оқып , дұға қылды, жүз бір жастстағы ақ жаулықты анамыз ақ батасын беріп алғыс айтты.

Әбілда Мейірханов әскери зейнеткер.

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: