Мәуліт мерекесі аталып өтті

Мәуліт мерекесі аталып өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

19 қаңтар, дүйсенбі күні, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) дүние есігін ашу құрметіне, Жамбыл облысы, Тараз қалалық «Әулие ата» мешітінің ұйымдастыруымен Мәуліт  мерекесі аталып өтілді.

Мерекеге Тараз  қаласында орналасқан 27 мешіт бірдей атсалысып, сол мешіттердің жамағаттары қатысып, ақ дастарқан жайылды. Мереке отырысы әдеттегідей Құран оқылумен басталып, ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкіл имамы Данияр қажы Жұмабаевтың Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) арнап салауат айтудың қадір-қасиетіне арналған уағызына ұласты.

Мерекенің арнайы қонағы болған Жамбыл облысы әкімдігі «Дін істері басқармасының» қызметкері А. Оразбаев мен Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бастығы К. Олжабай сөз кезегінде, Мәулүд мерекесінің дінімізде алатын орыны айрықша екендігіне әрі еліміздің ішкі тыныштығын сақтауда, сондай-ақ конфессияаралық өзара сыйластықты нығайтудағы тәрбиелік мәніне қысқаша тоқталды. 

Дін мамандарының қатысуымен араб және қазақ тілдерінде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмір жолдарын баяндайтын мәулүд жырлары оқылғанда, барша жамағат болып, тік тұрып, салауатқа қосылды. Жасөспірімдердің қатысуымен шағын концерт беріліп, Пайғамбарымызға (с.ғ.с.), Отанымызға арналған сүйіспеншілікке толы әндер шырқалып, тақпақтар айтылды.

Дін істерінде үздік шыққан имамдарға Д.Жұмабаев марапат қағаздарын тапсырды.

Дініміздің өркендеуіне үлес қосып, қолдағы берекеден бөлісіп, мешіттердің ішкі қажеттіліктеріне көмек қолдарын созып жүрген А.Қарабеков, Е.Асылқожин, С.Қарымсақ  т.б. бірсыпыра азаматтар алғыс хатпен марапатталды.

Дін насихаты өзекті мәселенің бірі, сондықтан мүфтиат жанынан шығатын «Ислам және өркениет» газеті мен «Иман» журналына Тараз қаласы бойынша 10-жылдан бері үзбей жазылып келген азаматтарға да марапат қағаздары тапсырылып, асыл дінімізді таратуда қосқан үлестері үшін алғыстар айтылды.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: