Пайғамбар С.Ғ.С туылған айында бүкіл әлем қуанып жатқан уақытта,ол мереке Жуалы ауданы Қарасаз ауылынан да бір тойланып өтті..Әлемге рахым нұры болып келген Әз Пайғамбарымыз Мұхаммад Мустафа С.Ғ.С-ға салауаттар айтылды. Қазақша мәулід оқуға арнайы түрде «Жуалы » мешітінің наиб имамы Есбосынов Бекберген келді. Мәулід оқылар алдында Жуалы ауданының бас имамы Кенжемолдаев А Р ардақты елшінің өнегелі өмірі жайлы уағыз айтты.Осы арқылы жиылған ауыл жамағаты Пайғамбарымыз Мұхаммад Мустафа С.Ғ.С өмірінің кейбір қыр-сырынан қанық болып,Алла және Оның Елшісіне деген сүйіспеншілігін бір шыңдап алды.
Ауыл әкімі Қазыбек бауырымыз жиылған жұртқа дастархан жайып,Пайғамбар құрметімен елдің тыныштығын,амандығын тілеуді,дұға қылуды өтінді.Ауыл имамы Құран оқып,аудан имамы Кенжемолдаев А Р Пайғамбарға салауат айта отыра,ел тілеуін тіледі. Ата дәстүрге сәйкес осы жиынға себеп болған ауыл имамы Асқарға қариялар ақ батасын беріп,тілеулестік жасап тарқасты.
Жамбыл облысы Жуалы ауданы





12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

