Шу аудандық мәдениет үйінде Шу өңірі жұртшылығы Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) мәулітін кең көлемде тойлап өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары Балқыбеков Алихан, ҚМДБ-ның Жамбыл облыстық орталық Һибатулла Тарази мешітінің найб имамы Ержан Маханұлы,Аудан имамы Мусаев Қ және ауыл молдалары мен мұсылман жамағаты қатысты.
Мәуліт кеші 8 жасар Желдібаев Дінмұхаммед оқыған «Фатиха» сүресімен ашылды. Аудан әкімінің орынбасары Балқыбеков А және ҚМДБ-ның Жамбыл облыстық орталық Һибатулла Тарази мешітінің найб имамы Е. Маханұлы, Мәуліт мерекесіне орай ұйымдастырылған кешке жиналған мұсылман жамағатты мерекемен құттықтап, сөз сөйледі. Кешті Ауданға танымалы асаба Мақсат бауырымыз жүргізіп отырды. Бұл кеште бүкіл өмірі тағылым мен өнегеге толы адамзаттың ардақтысы атанған Мұхаммед Пайғамбардың (с.а.у.) құрметіне «Төле би» мешітінің сауат ашу курсында оқитын шәкірттер мәулітті қазақ және түрік тілінде оқыды. Ауданымызға танымалы өнерлі жігіттер мен ақындар барынша өнерлерін көрсетті. Кеш барысында айтыскер ақындар діни төңіректе сөз қозғап халықты өздеріне баулай білді. Өнерлі жігіттер әсерлі мағыналы көріністер қойып, діни өлеңдер айтты. Сахынада Алланың сүйікті Елшісі Мұхаммед (с.а.у.) туралы роликтер де көрсетілді. Мәдениет үйіне жиналған көрермен жұртшылық Пайғамбарымыз (с.а.у.) туралы біраз мағлұмат алып, ерекше ықыласқа бөленді.
Кеш соңында Шу ауданының бас имамы Қуандық Берікұлы сөз сөйлеп, уағыз айтып, артынан аудан әкімшілігіне және жиналған жұртшылыққа өз алғысын жеткізді.
Жиын аяқталған соң, жұртшылық мешітке барып, Мәуліт құрметіне жайылған дастарханнан дәм татты. Онда Жамбыл облысының орталық мешітінің найб имамы Маханұлы Ержан құран оқып, дұға жасады.
Шу аудандық Төлеби мешітінің
іс-басқарушысы Әсем Ғалым