Мешіт жамағатымен мықты

Мешіт жамағатымен мықты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мешіт жамағатымен мықты деген даналық бар. Міне осы қағиданы берік ұстана отырып аудандық «Қордай» мешітінің ұжымы, ауданымыз бойынша жыл бойы дініміздің көркеуіне үлес қосқан азаматтардың дастархан басында бастарын жинады. Дастарханға алқа мүшелері, мешітімізге қол ұшын созған дінге жанашыр бауырларымыз, аудан ақсақалдары мен белсенділер шақырылды.  Жиын барысында аудан имамы Ә.Шалбай мешітіміздің 2014 жылғы атқарған жұмысы жөнінде бейне ролик көрсетіп, әрбір атқарылған  іске жеке-жеке тоқталып өтті. Жиналған жамағатта Ә.Шалбай бастаған мешіт қызметкерлерінің жұмысын жоғары бағалап, алдағы істерімізге сәттілік тіледі. Ақылдасу Алла елшісінің (с.ғ.с) сүннеті екенін баршамыз білеміз. Міне осы сүннет негізінде аудандық «Қордай» мешітінің ұжымы 2015 жылға атқарылар іс-шаралар жоспарын талқылап, Алланың мейіріменен жоспарларымыздың іске асуын  үміт етіп тарқасты.

Аудандық «Қордай» мешітінің
Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: