Аудандық «Қордай» мешітінде мәулід оқылды

Аудандық «Қордай» мешітінде мәулід оқылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Айтізбесінің  рабиғул-аууәл айында әз Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мәулiтiн мерекелеп, Алла Тағала бізді өзiнiң сүйiктi пайғамбары хазреті Мұхаммедтiң (с.ғ.с.) үмметi етiп жаратқанына шүкір айтып, сүйiктi хабибiне жамағат болып салауаттар айтуымыз аса құптарлық. Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айтудың сауабы мол. Осы себепті аудандық «Қордай» мешітінде арнайы қазақша мәулід оқылды. Мәулід оқуға арнайы түрде «Әулие ата» мешітінің наиб имамы Ораз Тәжібекұлы келді. Мәулід оқылар алдында  Қордай ауданының бас имамы Ә.Шалбай ардақты елшінің өнегелі өмірі жайлы уағыз айтты. Мәулід оқылған кезде жамағатта әсерленіп, орындарынан тұрып, тебірене салауат айтты. Қордай имамдары Мәулід мерекесін  кең көлемде атап өту Алла қаласа алдымыздағы аптаға жоспарлауда.

Аудандық «Қордай» мешітінің
Баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: