Бүгін облысымыздың өкіл имамы Данияр қажы Алимұхамедұлы Меркі ауданына қарасты Тәтті ауылында іс сапармен болып қайтты.
Мешітке жиналған жамағатқа өкіл имам жастардың тәрбиесі жайында жұма уағызын айтып, намаз жүргізді.
Тәтті ауылына ат басын тіреп, ауылдағы мешіт пен жамағат жайын сұрастыра келген өкіл имамға ауыл жұртшылығы разы болып, алғыстарын жеткізді.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі