Аудандық «Қордай» мешітінің қызметкерлері ҚМДБ төрағасы, Бас Мүфти Ержанқажы Малғажыұлы бекіткен төрт бағыт бойынша, өткізілген онлайн жиналыста өкіл имам Данияр Әлимұхамедұлы Жұмабаевтың тапсырмаларына сәйкес биылғы жылғы жұмыстарына қызу кірісіп кетті.
Аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы, дінтану магистрі №51 орта мектеп оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесуге аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Қ.Альясов, №51 ОМ директорының орынбасары М.Т.Абдрасилова және жоғарғы сынып оқушылары қатысты. Д.Жандосұлы мектеп оқушыларына асыл дініміздің құндылықтары жайлы сөз қозғап, ағымдағы мәулід айы туралы айтып, Алла елшісі Мұхаммед с.ғ.с-ның өнегелі өмірінен үзінділер келтіріп әсерлі уағыз айтты.
Әрине бүгінгі таңдағы өзекті болып жатқан экстремизм, лаңкестік әрекеттер, жиһад жайлы түсінік және белең алып бара жатқан жастар арасындағы суицид сынды қоғам дерттері жайлы да дін маманы Д.Жандосұлы әңгіме барысында қозғап өтті. Оқушылар тарапынан белсенділік танытылып, намаз, дәстүр, экстросенстер жайлы сұрақтар қойылып, баршасына Д.Жандосұлы нақты жауаптар берді. Кездесулер жалғасын табады деген ойдамыз.
Аудандық «Қордай» мешітінің Баспасөз қызметі