Аллаға шүкір Қордай жерінде мәулід мерекесіне орай мерекелік іс-шаралар өз жалғасын табуда. Оның көрінісінің бірі Жамбыл ауылдық «Әл-Хафиз» мешітінің ұйымдастыруымен «Ырыс Бақыт» ЖШС-нің президенті К.С.Ақаев мырзаның демеушілігімен Жамбыл ауылында тұратын әлеуметтік жағдайы төмен 20 отбасына әр қайсысына мерекелік көңіл күй қалыптастыру мақсатында 5000 теңгеден, жалпы соммасы 100 000 теңгеге қаржылай көмек көрсетілді. Көмек алушы азаматтардың алғысы мен қуанышы шексіз.
Сонымен қатар Қарасу ауылдық Ахмет Йассауи мешітінің ұйымдастырумен мәуліт мерекесі аталып өтті. Мешіт имамы З.Юбузов Алла елшісінің өнегелі өмірі жайлы уағыз айтып, арнайы мәуліт оқылды. Мерекеге арнайы сиыр сойылып, кең дастархан жайылды. Дастарханға әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар, ауыл ақсақалдары, ауыл белсенділері шақырылды. Алла қалапса мәулітке арналған мерекелік іс-шаралар өз жалғасын табады деген ойдамыз.
Аудандық «Қордай» мешітінің
Баспасөз қызметі