Кеше обысымыздың бас имамы Данияр қажы Алимұхамедұлы облысқа қарасты барлық аудан имам-молдаларына онлайн жиналыс өткізіп, бірқатар маңызды тапсырмаларымен таныстырды.
Жиында әр ауданның өз деңгейінде Мәуліт мерекесін өткізу мәселесі, аудандарға қарасты барлық мешіттердің құжаттарын реттеу, мешіт мүліктерін инвертизациялау, «Нұр-Мүбәрак» университетіне әр ауданнан екі шәкірт жіберу мәселесі талқыланды.
Сонымен қатар, аудандардың наиб имамдарын оқу-ағарту саласына бекіту, имамдардың екі айлық білім жетілдіру курсына қатысуын қадағалау, ауыл имам-молдаларының білім жетілдіру семинарларын өткізу істері де жоспарланды.
Және төрт бағыт бойынша апталық есепке жауаптыларды бекіту мәселесі де назардан тыс қалмады.
Жиналыс соңында өз жұмыстарын жоғары дейгейде атқарып жатқан Қордай, Т.Рысқұлов аудандарының наиб имамдары Дәуренбек Жандосұлы және Шералиев Фархат Бектасұлы, сонымен бірге Тараз қалалық Әулие-ата мешітінің наиб имамы Баймаханов Ораз Тайжбекұлы алғыс хатыпен марапаттау туралы ұсыныс айтылды.
«Һибатулла Тарази» мешітінің
баспасөз қызметі