Тараз қалалық «Әулие-ата» мешітінде өткен жиналыс

Тараз қалалық «Әулие-ата» мешітінде өткен жиналыс

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қалалық «Әулие-ата» мешітінде Тараз қаласының бас имамы  Аят Дыбысұлы қала имам - молдарымен бас қосып, жиналыс өткізді. Жиналыста бас имам бірқатар негізгі маселелерге тоқталды. Айта кететін болсақ ең алдымен имам – молдалардың бес уақыт намазда мешітте болуын, баса айтты.

Сонымен қатар мешіттің құжаттары, тазалығы, намазды сәлде шапанмен өткізу, мешіт жамағатымен жақсы қарым қатынаста болу, төрт бағыт бойынша тапсырмаларды орындау, тағы сол сияқты бірқатар тапсырмалардың орындалуын айтты. Үстіміздегі жыл яғни 2015 жылдың Мәуліт айымен басталғаны баршамызға мәлім. Соған байланысты Тараз қаласында Мәуліт мерекесіне байланысты іс-шараны өткізу туралы да сөз қозғалды. Жиналысқа келген кейбір имамдарға арнайы ескертулер жасалды. Имам-молдаларымызда өз ойларын ортаға салып, көкейінде жүрген пікірлерімен бөлісті. Жиын соңында жасы үлкен имам атамыз өзінің жақсы батасын берді.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: