Биылғы 2015 жыл қасиетті “Рабиғуль – әууәл” айымен қатар келді. Жылдың басы яғни 2-ші қаңтардан 3-ші қаңтарға қараған түн, 2 дүниенің сардары пайғамбарымыз Мұхаммед ғаләйһис сәләмнің туылған күнімен басталды. Осыған байланысты Тараз қалалық “Әулие-ата” мешітінде пайғамбарымызға арнап мәуліт оқылды. Мәуліт оқылудың алдында “Әулие-ата” мешітінің бас имамы Аят Дыбысұлы арнайы Мәуліт туралы уағыз айтып жиналған мешіт жамағатына мағлұмат берді. Мәулітті “Әулие-ата” мешітінің найыб имамы Ораз Тәжібекұлы және “Хамрақұл” мешітінің имамы Сейдқазы Әбдірұлы оқыды. Мәуліт соңынан қасиетті құран оқылып, пайғамбарымызға дүниеден өткен ата-бабаларымызға бағышталды. Жасы үлкен қариямыз Қазақстан мемлекетіне, ел басына, дін басына жалпы халқымызға еліміздің тыныштығына қайырлы бата жасады. Осы мәулітке қатысқан мешіт жамағаты Әулие ата мешітінің ұжымына өз алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.
Тараз қалалық “Әулие-ата” мешітінің баспасөз қызметі