Бесағашта мүбәрак Мәуліт меркесі ұлықталды

Бесағашта мүбәрак Мәуліт меркесі ұлықталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мұсылман қауымы адамзаттың абзалы болған, екі дүниенің сардары, пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туған айы – Мәуліт мерекесін тәлім мен тәрбиеге толы рухани басқосуларда атап өтуде.

Бүгін Жамбыл ауданындағы Бесағаш ауылында орналасқан «Бесағаш» мешітінде сауапты да салауатты іс-шара – Мәуліт кеші ұйымдастырылды. Іс-шараға облысымыздың өкіл имамы Данияр Алимұхамедұлы, Жамбыл ауданының бас имамы Ғайырфуллы Әмірбеков және  аудан әкімі қатысты.

Ғибрат пен өнегеге толы басқосуда қасиетті Құран оқылды және Аллаға мадақ, пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айтылып, тәуелсіз еліміздің рухани тұтастығы мен халықтар бірлігі үшін дұға жасалды.  Алғашқы құттықтау сөз кезегі облысымыздың бас имамы Данияр қажыға берілді: «Мәуліт арабша «туылу», «туылған уақыты» деген мағыналарды білдіреді. Адамзаттың асылы, пайғамбарлардың ардақтысы Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туған уақытына байланысты тойланатын мейрам Мәуліт мерекесі деп аталады. Қиямет күнгі шапағатшымыз, ұлы ұстазымыз, жолбасшымыз пайғамбардың (с.ғ.с.) туған күнін атап өту – құптарлық жақсы амал. Олай болса, бүкіл ғаламға мейірім ретінде жіберілген Елшінің (с.ғ.с.) есімін ардақтау, сүннетіне амал ету – сауапты іс. Жаратушы Иеміз баршамызды жақсылықта, сауапты істерде, ел игілігі жолындағы жұмыстарда, берекелі басқосуларда жолықтырғай! Екі дүниеде де жүзіміз жарқын, мұратымыз асыл, дұғамыз қабыл болғай!», - деген бас имам  баршаны имандылыққа, бірлікке шақырды. 

Барлық игіліктің бастамасы болған бұл басқосуда барша жиналған жамағат өздерінің жүрекжарды тілектерін айтып, бір-бірін  құттықтап тарасты.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: