Өткен дүйсенбі күні Мойынқұм ауданына облысымыздың өкіл имамы Жұмабаев Данияр Әлимұхаммедұлы жұмыс сапарымен келіп кетті.
Ауданымыздың орталық мешітінде болып, біраз жамағатпен кездесіп, облысымыздағы діни істер жайлы, мешіттердің жұмысы туралы мағлұматтар берді.
Мойынқұм ауданында жүргізіліп отырған жұмыстармен танысып, ризашылығын білдірді.
Сонымен қатар, ауылымыздың қариялармен кездесіп, мемлекетімізде, облыс көлемінде дін жөнінде жүргізіліп отырған іс-шаралар туралы айтып, олардың маңыздылығына тоқталып өтті.
Аудан әкімінің қабылдауында болып, ауданымызда жүргізіліп отырған орталық мешіттің жөндеу жұмыстары туралы сөз қозғады. Мешітке аудан мекемелерінің, жеке кәсіпкерлердің демеушілігі мен ауыл тұрғындарының көрсеткен көмектерін көріп, оған ризашылық сезімін білдірді.
Аудандық мешіттің жөндеу жұмысына облыс имамы Жұмабаев Данияр Әлимұхаммедұлы 150 мың теңгені көмек ретінде берді.
Ж.Қалыбаев,
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы