Қордай ауданы, Сортөбе ауылында орналасқан «Хамид бен Бадый» мешітінің ұйытқы болуымен Рәбиуль әууәл айы кіре саласымен адамзаттың таңдаулы тұлғасы Мұхаммед с.ғ.с мәулідін тойлау басталып кетті. Мешіт имамдары арнайы мәулід оқып, жамағатқа Алла елшісінің өнегелі өмірі жайлы уағыз атты. Мерекеге арнайы сиыр сойылып, 300 адамға кең дастархан жайылды. Дастархан басында да Алла елшісі, бейбітшілік жайлы, дінаралық пен ұлт аралық келісім туралы уағыздар айтылды. Мінекей дүнген бауырларымыз осындай жақсы көңіл-күйде мәулід мерекесін тойлауды бастап кетті.
Аудандық «Қордай» мешітінің
Баспасөз қызметі