Тәуелсіздік меркесіне қайырымдылық

Тәуелсіздік меркесіне қайырымдылық

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық «Қордай» мешіті ұжымының мұрындық болуымен  тәуелсіздік мерекесіне орай  қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды.

Иісі қазақ  мұсылман  баласына қымбатты болған бұл күнде тағдырдың тәлкегіне ұшырап, біреуі әкесіз, ал біреуі анасыз қалған балаларға көмек көрсетілді. Нақтылап айтсақ, аудан орталығында орналасқан №3 Абай атындағы мектеп-интернат шәкірттеріне  жалпы саны 40 дана қыстық спорт аяқ киімдер (крассовки) таратылды.

Сыйлықты тарту етуге келген Қордай ауданының бас имамы Ә.Шалпай бүлдіршіндерді мерекемен құттықтап, тәуелсіз еліміздің  болашағы болып саналатын қазіргі жастардың  оқуда белсенді, дінінде бекем, жан-жақты азамат болу қажеттігі жайлы ағалық ақылын айтып, оқударында сәттілік тіледі. Сыйлық алған бүлдіршіндер және интернат ұжымы өз разылықтарын білдірді.

Аудандық «Қордай» мешітінің
Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: