Қордай имамдарының қорытынды жиналысы

Қордай имамдарының қорытынды жиналысы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы бойынша  имам-молдалары қалыптасқан әдет бойынша аудандық «Қордай» мешітінде кезекті басқосуларын өткізді.

Жиналыста төрағалық еткен Ә.Шалбай  ұжымымызға жаңадан қосылған дін қызметкерлерін таныстырып өтті. Ең алғашқы көтерілген мәселе  мешіт құжаттарын заң талаптарына сәйкес реттестіру болды. Әр имамнан осы бағытта атқарылған жұмыстар есебі алынды. Келесі мәселе ол ҚМДБ төл басылымдары «Ислам және өркениет» газетімен «Иман» журналына жазылу барысы болды.

Жазылу барысында белсенділік танытқан Алға ауылдық «Омар» мешітінің  дін қызметкерлеріне ерекше алғысын айтып, қалыс қалған имамдарға  сын айтылды. Аудан имамы Ә.Шалбай облыстық жиында көтерілген мәселелер ауыл имамдарын таныстырып, тиісті тапсырмалар берді.

Аудан бойынша мешіттерді аралау барысында  көзге түскен кемшіліктер жайында да сөз қозғалып,  көрсетілген кемшіліктерді  тез арада жою қажеттігін талап етті Ә.Шалбай.  Жыл бойы қызметінде белсенділік танытқан имамдарға алғысын білдіріп, қызметтерінде сәттілік тіледі. Жиын Жаратушыға дұға жасаумен өз мәресіне жетті.

Аудандық «Қордай» мешітінің
Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: