«Дәстүр мен дін қазақтың құндылығы және басқа ағымдардың алдын алу іс-шаралары» тақырыбында конференция өтті

«Дәстүр мен дін қазақтың құндылығы және басқа ағымдардың алдын алу іс-шаралары» тақырыбында конференция өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданы Төлеби ауылындағы М. Мақатаев атындағы мектебінде «Дәстүр мен дін қазақтың құндылығы және басқа ағымдардың алдын алу іс-шаралары» атты конференциясы өткізілді.

Конференцияға аудандағы үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, аудандық, қалалық имамдар, ақсақалдар алқасы, құқық қорғау органдары, ұлттық мәдени орталықтар өкілдері, қоғамдық бірлестіктер мен БАҚ өкілдері және ҚМДБ-ның Батыс Қазақстан өлкесі бойынша мұсылмандар мешіттің наиб-имамы, филолог-теолог Сәден Абылай ағамыз қатысты.

Жалпы жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және мемлекеттің дін саласындағы саясаты мен дәстүрлі емес діни ағымдар туралы түсіндіру жұмыстары талқыланды. Жиын барысында сөз кезегі Абай ауылы Оспанәлі мешітінің молдасы Оңғарбаев Бағдаулетке берілді ол өз сөзінде жасөспірімдер арасында Діни сауаттылықты арттыру және дін  саласындағы ақпараттық жұмыс туралы айтты.

Сонымен қатар «Үміт үйі» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Айтбеков Ержан сөз сөйледі.

Сөз соңыда Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының Батыс Қазақстан өлкесі бойынша мұсылмандар мешіттің наиб-имамы, филолог-теолог Сәден Абылай мырзаға беріледі ол өз сөзінде жиналған жастарға «Дәстүр мен діннің айырмашылығын айтып жеткізді. Соңынан  Сәден Абылай ағамызға әртүрлі діни сұрақтар қойып тиісті жауаптарын алды.

Шу аудандық Төлеби орталық
мешітінің баспа сөз қызметшісі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: