Қордай діндарларының келелі кездесулері

Қордай діндарларының келелі кездесулері

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы бойынша дін тақырыбында бірнеше кездесулер өткізілді. Оның бастысы Қордай ауданының бас имамы Ә.Шалбай Қарасай ауылында өткізді. Кездесу ауыл әкімшілігі ғимаратында өтіп, кездесуге ауыл аймақ әкімі М.Жетігенов, ауыл имамдары, ақсақалдар, белсенді тұрғындар қатысты. Бас имам Ә.Шалбай ауыл тұрғындарына Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлы бекіткен  төрт бағыт бойынша жұмыс барысын және оның мақсаттарын түсіндірді. Әбдужалил мырза жат ағымдармен жұмыс бағытына ерекше мән беріп, олармен күресудің жолдарын сипаттап өтті. Бас имам Ә.Шалбай көтерген тағы да бір  өзекті мәселе ол ұлт аралық келісім, бейбітшілікпен тұрақтылықты бағалау жайлы болды.Жиналған жұртшылықты ауыл аймағында орналасқан екі мешіттің құжаттарын реттестіруге көмек көрсетулерін сұрап, осындай түйткілді мәселенің шешімін ұзаққа созбауды тапсырды.

Келесі кездесу Масаншы ауылдық «Мұсылмандар» мешітінде болып, Әбдужалил Шалбай мешіт жамағатына, ауыл әкімшілігіне  Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен «Мұсылмандар» мешітіне имам болып тағайындалған Джинлир Сулейман Суалихаровичті таныстырды.

Аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы Д.Жандосұлы №4 Б.Бөлтірікова атындағы орта мектеп оқушыларымен кездесті. Кездесу «Дін және жастар» тақырыбында өрбіді. Кездесуге мектеп мұғалімдері және жоғарғы сынып оқушылары қатысты. Д.Жандосұлы жиналған қауымға асыл дініміздің құндылықтарын паш етіп, діни ұстанымымыз жайлы уағыз айтты. Мұнымен шектелмей елімізде әрекет етіп жүрген жат ағымдар жайлы жастарға ақпарат беріп, олардан сақтану жолдарын түсіндірді. Сұхбат негізінде Отан, суицид, зинақорлық және түсік жасату секілді тақырыптар бойынша да түсіндірме жүргізді дінтану магистрі Д.Жандосұлы. Сұрақтар қойылып, баршасына жауап қайтарылды.

Аудандық «Қордай» мешітінің
Баспасөз қызметі

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: