Қос мешіт бірдей көгілдір отынға қосылды

Қос мешіт бірдей көгілдір отынға қосылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу қаласындағы «Жами» мешіті және қант зауыт мөлтек ауданында орналасқан «Әбу Бәкір Сыддық» мешіттері көгілдір отынмен қамтамасыз етілді. Бұған дейін мешіт жамағаттары қыстың қақаған суығында қиыншылық көріп келген болса, бұдан былай, бір қиыншылықтың жеңілдігі бар демекші, мешіт жамағаттарының қуанышында шек жоқ. Мешіт қызметкерлері көгілдір отынға қосылуға жәрдем берген азаматтарға өз алғыстарын білдіруде.

Оған қоса қалалық «Жами» мешітінің қызметкерлері қайырымдылық жасауды өздеріне парыз санап, бұл жолы да, Көктөбе ауылындағы «Балауса» балабақшасына, қысқы маусымда балалардың астынан суық өтпеу үшін астыларына екі төсеніш кілемді «Жами» мешітінің найб имамы Қамаубаев Шаттық арнайы барып табыс етті. Арнайы балаларға жылулық пен көңіл күй сыйлап келген найб имамға балабақша меңгерушісі Майшекеева Шырын және балабақша қызметкерлері өз ризашылықтарын білдірді.

Шу қалалық «Жами»
мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: