Таразда жаңа мешіт қазығы қағылды

Таразда жаңа мешіт қазығы қағылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Тараз қаласының жұртшылығы жақсы жаңалыққа куә болды. Тараз қаласындағы Төле би көшесінің бойында болашақта салынатын мешіттің қазығы қағылды.
Қалалық кәсіпкерлердің демеушілік етуімен жаңа мешіттің бой көтеруі жоспары алға қойылған болатын.

Бұл ісшараға облыс әкімі Кәрім Нәсбекұлы арнайы келіп, мешіт салынатын жерге қазық қағып, алғашқы іргетасын қалау рәсімін өткізді.
Облысымыздың өкіл имамы, «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр қажы Алимұхамедұлы Құран оқып, сөз сөйледі. Осы сауапты іс үшін арнайы мал сойылып, дұға жасалды.

Рәсімге қала әкімі Нұржан Календеров, қалалық мешіттердің имамдары, дін мамандары, Тараз қаласының құрметті азаматтары және қалалық ақсақалдар алқасының төрағасы Төребеков Тілеуқабыл ақсақал да қатысып, сөз сөйледі.
Алла үйін салып, құлшылық орындарын көбейту сауапты әрі игі іс. Осы іске бастамашы болған барлық азаматтарға Алла Тағала разы болсын!


Лаура Алмаханова,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: