Аудан имамдары жылдық есеп тапсырды

Аудан имамдары жылдық есеп тапсырды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін облыстық орталық мешітте дәстүр бойынша барлық аудан имамдары жылдық жұмыстары жайында есеп беріп, жоспарларымен бөлісті.

ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі Д.Жұмабаев басшылығымен ұйымдастырылған дәстүрлі жиынға 10 аудан, екі қаланың имамдары қатысты. Мұндағы мақсат – дін насихатын күшейте түсу, имамдардың біліктілігін арттыру, тәжірибесін шыңдау, діни қызметтің жауапкершілігін сезіндіру, кеткен кемшілік пен олқылықтарды болашақта барынша болдырмау.
Имамдар бұл жолы жылдық есепті бүгінгі заман талабына сай электронды нұсқада дайындап әкеліп, интерактивті тақтада ролик және слайдтар арқылы көрсетіп, жеке-жеке баяндады.

Жылдық есепте мынадай тақырыптар талқыланды: имамдардың діни мерекелік шараларға атсалысуы; жағдайы төмен отбасыларға көмек шараларын ұйымдастыруы; БАҚ-қа материал жариялауы; мешітте уағыз-насихат жүргізуі; киім кию әдептері мен ахлақтары; елді ынтымаққа шақыра білуі; жастармен кездесулер өткізу натижелері, т.б.

Имамдардан жылдық есеп алу барысында өкіл имам Данияр Алимұхамедұлы өз ісін жауапты және ойдағыдай атқарған имамдарды ерекше атап өтіп, алғысын білдірді. Сонымен қатар, талаптарға сай жұмыс жасамаған имамдарға өкіл имам тарапынан ескертулер жасалды.

«Һибатулла Тарази» мешітінің
баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: