Оқушылармен кездесу

Оқушылармен кездесу

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық «Қордай» мешітінің ұйымдастыруымен №1 Д.А Қонаев атындағы орта мектепте және №3 Абай атындағы орта мектепте  оқушылармен дін тақырыбындағы кездесулер өтті.

Кездесуге құқық қорғау өкілдері, мектеп мұғалімдері, оқушылар және аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы, дінтану магистрі  Д.Жандосұлы қатысты. Кездесулердегі негізгі тақырып  «Ата дін Ислам, діни экстремизмнің алдын алу» болды. Д.Жандосұлы  мектеп оқушыларына төл дініміздің негізгі құндылықтары жайлы айтып, бір Аллаға сиыну, Алла елшісі Мұхаммед с.ғ.с –ның сүннеті, ата-ананы сыйлау, білім алу жайлы уағыз айтты.

Кездесу барысында тағы да көтерілген өзекті мәселе ол жат ағымдардың  кері тартпа әрекеттері жайлы болды. Тақырып бойынша дін қызметкері Д.Жандосұлы  ағым деген сөзге тоқталып, еліміз аумағында сот шешімімен экстремистік болып табылған «таблиғи жамағат» және «такфир уаль хиджра» топтары жайлы кең мағлұмат берді.

Дәуренбек Жандосұлы ағымдармен күрестің ең тиімдісі діни сауат ашу болып табылатынын айтып, аудандық мешіт жанында тұрақты түрде сауат ашу курсы жұмыс істейтінін хабарлап,  діни сауат ашудан қалыс қалмауға шақырды. Оқушылар тарапынан салт-дәстүр, намаз, және т.б жайында сұрақтар қойылды. Барлық сауаптарға маман тарапынан тиісті жауаптар қайтарылды.

Аудандық «Қордай» мешітінің
Баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: