Діни ағымдардың азаматтық түсініктерін қалыптастыру тақырыбында өткен кездесу

Діни ағымдардың азаматтық түсініктерін қалыптастыру тақырыбында өткен кездесу

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласында орналасқан Тараз мамандандырылған колледжінде оқып жатқан білімгерлермен діни ағымдардың азаматтық түсініктерін қалыптастыру туралы арнайы кездесу өтті.

Кездесуге директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары Мадияров Дамир Машарипұлы және ұстаздар, білімгерлер, жалпы саны 40 адамдай қатысты.

”Әулие-ата” мешітінің найыб имамы Баймаханов Ораз Тәжібекұлы арнайы теріс діни ағымдардың зияны, олардың айырмашылығы, ата-ананы құрметтеу, ұстаздарды сыйлау, Абу-Ханифа мазхабы және имам Матуриди сенімін ұстану, мемлекеттің заңына бағыну туралы әнгіме қозғап түсінік берді.

Сонымен қатар осы оқу орнының білімгерлері Қойланов Еркін және Орынбаев Нұрболда өз ойларын айтып, арнайы бағдарламаларын оқып берді. Білімгерлер тарапынан қойылған сұрақтарға қанағаттанарлық жауаптар берілді. Білімгерлер бұл кездесуден алған өте жақсы әсерлерін айтып, өз ризашылықтарын білдірді. Осындай кездесулер жиі болып тұрса деген ойларында жасырмады.

Тараз қалалық “Әулие-ата”мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: