Тараз қалалық “Әулие-ата” мешітінде “Азанды көркем айтуға машықтану” атты семинар болды

Тараз қалалық “Әулие-ата” мешітінде “Азанды көркем айтуға машықтану” атты семинар болды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

2014-жылдың 24-25-26 қарашасы аралығында ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілдігі Тараз қалалық “Әулие-ата” мешітінің ұйымдастыруымен қала мешіттері, имам-молдалары 3 кундік “Азанды көркем айтуға машықтану” семинарында арнайы дәріс тыңдады.

Ол жерде азан айтудың қаншалықты сауабы мол екендігі, яғни Абу Хурайрадан риуаят етілген хадисте “Адамдар азан айтудың және бірінші сапта тұрып намаз оқудың қаншалықты сауап барын білсе, шек тастасып өз ниеттеріне жетер еді” және азан шақырудың үкімі, азанның шарттары, азан айтуға болмайтын жағдайлар, азан айтуға мәкрух жағдайлар, азанның дұғасын дұрыс айту, азанның сүннеттері, мұстахабтары, азанды намаздан тыс қай уақыттарда айтуға болатындығы туралы айтылды.

Пайғамбарымыздың с.ғ азаншылыр туралы айтқан әйгілі хадисіКімде кім жеті жыл үздіксіз азан айтса, оған тозақ отынан азаттық беріледі. “Кім он екі жыл азан айтса, оған жәннат-уәжіп болады, оған әр азаны үшін-алпыс, әрбір қаматы үшін отыз жақсылық жазылады” деген хадисіне түсінік берілді Азанның шығу тарихы да кеңінен түсіндірілді. Азан айту семинарына қала мешіттерінен келген азаншы молдаларымыз Тараз қалалық “Әулие-ата” мешітінің имамы Алмаханов Аят Дыбысұлына осы іс шараны ұйымдастыруына ұйытқы болғаны үшін, рахметтерін айтып ризашылықтарын білдірді. Әрбір азаншыға Сертификат берілді. Осындай семинарлар алдағы уақытта да жалғасын табады деген ойдамыз.

Тараз қалалық “Әулие-ата” мешітінің баспасөз қызметі

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: