Қордай мешіттерінің жұмысы пысықталды

Қордай мешіттерінің жұмысы пысықталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Облысымыз бойынша ең көп мешіт Қордай ауданында шоғырланғаны белгілі. Солардың біразы Масаншы және Сортөбе ауыл аймақтарында орналасқан. Аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы Д.Жандосұлы осы ауыл аймақтарда орналасқан 20 мешітті аралады.

Іс сапар барысында Д.Жандосұлы мешіттердің қысқа дайындығы, ресми құжаттары, тазалығы, ҚМДБ тарапынан берілген тапсырмалардың орындалуын тексеріп, төл басылымдарға жазылу барысы қадағаланып, Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлы белгілеп берген төрт бағыт бойынша жұмыстың маңыздылығын түсіндірді.

Тексеріс барысында мешіт сөрелеріндегі діни әдебиеттердің ҚМДБ сараптамасынан өткен әдебиеттер болуына асар мән берілді. Қуантарлығы барша мешіттер қысқа дайын, басқа мәселелер бойынша біршама имамдарға ескерту беріліп, кеткен олқылықтарды түзеу тапсырылды. Наиб имам Д.Жандосұлы мешіт жамағаттарымен және алқа мүшелерімен кездесіп, біршама мәселелер бойынша түсініктемелер беріліп, мешіттердегі түйткілді мәселелер талқыланды.

Аудандық «Қордай» мешітінің
Баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: