«Береке» колледжіндегі имани жүздесу

«Береке» колледжіндегі имани жүздесу

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық «Қордай» мешітінің ұйымдастыруымен «Береке» колледжінде  келелі имани жүздесу болып өтті. Кездесуге аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы, дінтану магистрі Д.Жандосұлы, жастар орталығының маманы И.Р.Рустамов, колледж мұғалімдері және студенттер қатысты. Имани сұхбат «дін және жастар» тақырыбында өрбіді. Наиб имам Д.Жандосұлы дін және Ислам сөздеріне түсініктеме беріп, адам өміріндегі діннің маңызы және діни тұрғыдағы қоғамдық қарым-қатынас жайлы сөз қозғап, бейбітшілік, тұрақтылық, ата анаға құрмет жайлы уағыз айтты. Өзекті болып отырған  түрлі ағымдармен, секталардың арам пиғылдары, сыртқы көріністерімен түпкі мақсаттары жайлы да Д.Жандосұлы жиналған қауымға негізгі ақрпарат берді.Студенттер тарапынан Д.Жандосұлы сұрақтар қойылып, баршасына тиісті жауаптар қайтарылды.

Аудандық «Қордай» мешітінің
Баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: