Жамбыл облыстық ІІД экстремизмге қарсы күрес басқармасында өткен кеңес

Жамбыл облыстық ІІД экстремизмге қарсы күрес басқармасында өткен кеңес

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласындағы Жамбыл облыстық ІІД – басқармасында “Діни экстремизм және терроризмге қарсы күрес және жастар арасындағы дәстүрлі емес діни ағымдардың кері әсері” туралы кеңес өтті. Кеңеске құқық қорғау өкілдері, Тараз қаласының мешіт имамдары, арнайы шақырылған қонақтар қатысты. Кеңесте Тараз қалалық “Әулие-ата”мешітінің найыб имамы Ораз Баймаханов өзінің баяндамасында , қазақ халқы ежелден Абу Ханифа мәзхабы және имам Матуридди сенімін ұстанған. Қазақ халқы осы дінге лайықтап өз әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, наным-сенімін қалыптастырған, әрі оны ұрпақтан ұрпаққа мирас етіп отырған. Ата-бабаларымыз ата-ананы сыйлау, үлкенге құрмет кішіге ізет қылу туралы өсиеттерін көп айтқан.
Егемендігімізді алғаннан кейін әр түрлі мемлекеттен әр түрлі сенімдегі миссионерлер елімізге келе бастады, қаншама бауырларымыз теріс ағымдардың жетегінде кетті. Соларды өзіміздің төл дінімізге қайтару іс шаралары қазіргі таңда көптеп насихатталуда. Ол үшін біздер діни сауттылығымызды арттыруымыз қажет. Өзіміздің тілімізді, ата-дәстүрімізді, дінімізді ардақтай білейік ағайын бауырлар!

Тараз қалалық “Әулие-ата” мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: