Кезекті мәселе қызу сөз болды

Кезекті мәселе қызу сөз болды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дүйсенбі, 18-ші қараша күні Тараз қаласының орталық дін ғимараты «Әулие ата» мешітінде қала мешіттерінің кезекті бас қосуы өтті.

 Бүгінгі кездесуде Елбасының қазақ еліне арналған жолдауы негізгі тақырып болып, осы тұжырымдаманы орындауда бас мүфти Ержан Малғажыұлы хазіреттің еліміздің барша мұсылмандарына арнаған 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы талқыланды. Сөз кезегінде, Тараз қалалық «Әулие ата» мешітінің бас имамы А.Д. Алмаханов,  Бас мүфтидің бұл тұжырымдасын орындауда, халқымыздың рухани сауаттылығын көтеру және қоғамның иманды азаматтарын қалыптастыруда дін мамандарына көп міндет жүктелетіне тоқталды.

Сондай-ақ, дін істерін алып жүрудегі қолға алған бағдарламаның орындалуы жайы сөз болып, үгіт-насихат жұмысының пәрменділігін арттырудағы амалдар нақтыланды. Әсіресе, дін ақпаратының негізгі бұлағы болып табылатын, өзіміздің төл баспамызға жазылу барысына үлкен мән беріліп, бүгінгі таңға діни ақпараттық баспаға, яғни, «Ислам және өрениет» газеті мен «Иман» журналына жазылып үлгерген мешіттердің аты аталып,  үлгермеген мешіттерге жазылу науқанын созып жіберуге болмайтыны қатаң ескертілді.

Тараз қалалық Әулие-ата мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: