Жамағат назарына

Жамағат назарына

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Құрметті жамағат! Сіздердің игіліктеріңіз үшін  Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің  «hibatulla.kz» ресми діни танымдық-ақпараттық порталы өзінің  андроид жүйесіндегі ұялы телефондарға және планшеттерге арналған қосымшасын ұсынып отыр.

Бағдарламаның ерекшелігі сайтымызда жарияланатын  барлық мақалалар, мешіт жаңалықтары, оқиғалар мен сұхбаттар, аудио, видео, жұма уағыздары, кітапхана, балаларға арналған бөлімдер, сонымен қатар намаз оқу, дәрет алу үлгісі, барлық қалаларға арналған намаз уақыттарын жүктеп алуға және сұрақтарыңызды имамдарға тікелей жолдауға  мүмкіншілік береді.

Қосымшада қарастырылған қызметтер:

Жаңалықтар (қазақ тілінде)
- Оқиғалар

- Жаңалықтар (орыс тілінде)

- Мешіт жаңалықтары

Мультимедиа
- Жұма уағыздары

- Видео

- Аудио

- Балалар әлемі

- Діни фильмдер

Кітапхана
- Діни кітаптар

- Құран Кәрім

- Хадистер

- Балалар кітапханасы

Намаз
- Ерлердің намаз оқу үлгісі

- Әйелдердің намаз оқу үлгісі

- Намазда оқылатын қысқа сүрелер

- Намаздың түрлері

- Намазда оқылатын дұғалар

- Намаздың шарттары

- Дәрет алу тәртібі

- Діни терминдерге түсінік

- Намаз уақыттары

- Имамға сұрақ

Ерекшеліктер

-          Hibatulla.kz порталының барлық діни материалдары, жаңалықтар қазақ тілінде, ішінара орыс тілінде де жарияланады. Сондай-ақ облысымыздағы діни ахуалдан күнделікті хабар беретін жаңалықтар қамтылған. Мақалалар  бөлімінде республикамыздағы дін ғалымдарының, елімізге танымал тұлғалардың дін жайындағы мақалалары көрініс тапқан.

-          Жұма уағыздары бөлімінде уағыздың бейне форматы мәтінімен қоса берілген. Жұма уағыздары мен басқа да бейне фильмдер қосымшаның өзінде еш сілтемесіз тікелей тамашалауға мүмкіндік береді.

-          Аудио бөлімінде Сіздер әлемге әйгілі Құран хафыздарының әуезді Құранын, мұсылман әншілердің иләһи әндерін, елімізге танымал дін ғалымдарының уағыздарын, қазақы діни жыр-термелерді, имамдарымыздың еліміздегі радиохабарларға берген аудио сұхбаттарын тікелей тыңдай аласыздар әрі жүктеп алуларыңызға болады.

-          Балалар әлемі бөлімінде жас бүлдіршіннің діни танымын арттырып, дінге ықыласын оятатын қазақ тіліндегі діни мультфильмдер қамтылған.

-          Діни фильмдер бөлімінде қазірге дейін түсірілген діни фильмдерді, діни сериалдарды тамашалауға мүмкіндік аласыздар.

-          Кітапхана бөліміндегі барлық кітаптар PDF форматында тікелей оқуға әрі ұялы телефонға жүктеп алуға ыңғайлы етіп жасалған. Сіздер қосымшадағы түрлі діни кітаптардан, Құран Кәрім, тәжуид, тәпсір кітаптарынан мол мағлұмат ала аласыздар.

-          Балалар кітапханасы бөліміндегі кітаптарды жас жеткіншектердің жүктеп алып оқуларына болады. Сондай-ақ төменгі жағында тікелей экран бетінен оқу мүмкіндігі де қарастырылған.

-          Намаз бөлімінде ер мен әйелдің намаз оқу үлгісі, бес уақыт намаздың оқылу тәртібі, дәрет алу үлгісі суреттерімен бірге берілген. Намаздың түрлері, шарттары, дұғалары, Жұма намазы, Айт намазы, сондай-ақ намаздың хикметтері мен пайдалары, кейбір діни терминдерге түсініктемелер қамтылған.

-          Сіздер бес уақыт намаздың уақыттарын лезде біле аласыздар. Намаз уақыттары экран бетінде әрдайым көрсетіліп тұрады. Сіз егер басқа қаланың тұрғыны болсаңыз, экран бетіндегі намазы уақыты көрсетілген қатарға саусағыңызды тигізіп тұрып оңға қарай жылжытсаңыз, Қазақстандағы басты қалалардың тізімі шығады. Сол жерде өз қалаңызды таңдап, намаз уақыттарын соған қарай туралап алсаңыз болады.

-          Жоғарыдағы оң жақ бұрышта орналасқан «Имамға сұрақ» бөлімінде сіз оқырман тарапынан қойылған түрлі сұрақтардың жауабын оқи аласыз әрі имамға тікелей сұрақ қойып, «hibatulla.kz» порталына жолдай аласыз.

Құрметті «hibatulla.kz» порталының зияратшылары, біз алдағы уақытта қосымша қызметін жақсартып, ұдайы жаңартып тың дүниелермен толықтырып отыратын боламыз. Сіздердің жылы лебіздеріңіз, ұсыныстарыңыз бен сын-ескертпелеріңіз «hibatulla.kz» қосымшасының одан әрі дамуына зор үлес қосарын ұмытпағайсыздар. Қосымшаға байланысты ұсыныс-тілектеріңіз, жаңалықтарыңыз, мақалаларыңыз, имамға қойылатын сауалдарыңыз болса, мына адреске жолдауларыңызға болады: hibatulla@mail.ru

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: