Діни экстремизмнің алдын-алу

Діни экстремизмнің алдын-алу

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қараша айының 17-күні Құлан ауылдық округінің тұрғындарымен, имамдардың, құқық қорғау органдарының өкілдерінің қатысуымен «Діни экстремизмнің алдын-алу» тақырыбында кеңес өткізілді. Кеңесте  «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Е Аманбаев баяндамасында қазақ халқы ежелден ислам дінін ұстанғаны белгілі. Ата-бабаларымыз осы дінге лайықтап өз әдет-ғұрып, салт-дәстүрін, наным-сенімін қалыптастырған, әрі оны ұрпақтан ұрпаққа мирас етіп отырған.Олар кез-келген нәрсені адал мен арамға, жақсы мен жаманға, обал мен сауапқа бөліп қарастырған. Әйтседе, егемендік алған жас мемлекеттің рухани бірлігіне нұқсан келтіруді көздеген өзге ағым өкілдері елімізге жан-жақтан ағыла бастады.Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері қаншама қаракөз бауырларымыз басқа діннің шылауында кетті.Пайғамбарымыз «тал бесіктен жер бесікке дейін ілім үйрен » дейді.Сондықтан да шыр етіп дүние есігін ашқаннан нәресте бүкіл ғұмыр жолында білім алуға ұмтылады.Сол жолда ауыл мен қалаларды аралап, тегін діни кітаптар таратып жүрген миссионерлердің құрығына түсіп қалмауы үшін ақыл-есі толысқан әр азаматтың діни сауаты болғаны жөн екендігін.

Ал, Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» қызметкері Мурбеков Бауыржан-Қазіргі таңдағы жастар арасындағы діни экстремизмнің алдын-алудың маңыздылығына кеңінен тоқтала отырып,дін туралы қай жерден қандай ақпарат алуға болатындығын айта кетті. Осы ұйымдастырылып
отырған іс-шарамыз бейбітшілік пен мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынас пен ұлтаралық ынтымақтастықты сақтап, экстремизм, сеператизм және терроризммен күресті одан әрі дамыту бағытында жасалып отырғандығын атап өтті.


Т.Рысқұлов Аудандық мешітінің бас имамы  Сұлтаншәріп қажы имамы өз сөзінде  Бұл күнде дәстүрлі емес діни ағымдардың,халықтық діншілдіктің деңгейінің артқандығын жастар арасында діни экстремизмнің деректерінің бар екендігін нақты деректер келтіре отырып, олардан сақтану жолдарын түсіндірді. Жиынға қатысушыларға дінге байланысты туындаған өтініштер мен түсінбеген сұрақтар бойынша,қандай жағдай болмасын белгісіз дін өкіліне емес мешіттің өкілдеріне жолғуын өтінді.

Әбілда Мейірханоа  әскери зейнеткер Т.Рысқұлов ауданы

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: