Нашақорлықтың алдын алуға қатысты жиын өтті

Нашақорлықтың алдын алуға қатысты жиын өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дөңгелек үстелге Мойынқұм колледжінің студенттері мен мұғалімдері қатысты
Колледж директорының орынбасары Е.Жұмабеков: «Құрметті қонақтар біздің мақсатымыз бүгін сіздермен бірге қозғап отырған жастар арасындағы нашақорлыққа жол бермеу, оның алдын алу, жастарға оның зиян екенін жан-жақты түсіндіре отырып, жастарымызға салауатты өмір салтын насихаттау».

Колледжде 2014-2015 оқу жылына «Нашақорлықтын алдын алу» мақсатында жылдық жоспары құрылған. Оған жауапты колледж психологы М. Ерғазыұлы. Жасөспірімдердің бос уақытын қамту мақсатында, әр түрлітәрбиелік бағытта іс-шаралар үнемі ұйымдастырылуда -десе ,
Сөз кезегін Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының жетекшісі С.Асанбекова -Темекі шегу бұл нашақорлықтың басы. Темекі түтіні автомобилдердің шығаратын зиянды заттарынан да 4–есе көп зиянды болады.

Жалпы айтқанда дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпараты бойынша, адамдар денсаулығы 18-20% сыртқы орта факторларының әсерінен, 18-20% тұқым қуалаушылыққа, яғни тегіне, 49-50% оның өмір сүру салтына, тек 8-10% ғана денсаулық сақтау ұжымдарына байланысты екен. Сондықтан өмір салтын дұрыс бағытқа өзгертіп, денсаулық мәдениетін көтеруге әркімнің өзі ынталы болғаны жөн-деп айта кетті.

Келесі кезекте Оқушылар өз көкейлерінде жүрген діни тұрғыдан сұрақтарын Мойынқұм мешітінің бас имамы З.Исаевқа қою арқылы жалғасты,аудандық мешіттің бас имамы З.Исаев.- Ішімдік жайында айтатын болсам Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Ішімдік күнәлардың анасы» деген. Жаратушы иеміз ішімдік туралы 3-4 аятында айтып өткен. Соңғы аятында ішімдікті харам санап, адам баласына ішуге тыйым салған.

Ішімдіктің салдарынан қаншама жастарымыз жол апатынан, т.б. жағдайларға түсіп өмірлерімен ерте бастан қоштасып жатыр. Ішімдік ішу, темекі тарту бұл тәнімізге жасап отырған зиянымыз. Сондықтан осыларды пайдалануды Жаратушы иеміз күнә деп тыйым салған. Ал нашақорлыққа келетін болсақ, кейбір адамдар «Құранда ол туралы еш делінбеген» деп қателеседі.

Жаратушы иеміз қандайда адамның санасын улайтын, зиян келтіретін заттардың бәрі харам делінген-деп,салауатты өмір салтын ұстануға шақырамын деп сөзін қорытындылады. Қорытындылай келе стуенттер ислам діні туралы сауаттарын ашып, Нашақорлықтан аулақ болудың жолдарын түсінді.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: