ҚМДБ аппарат басшысы Қордайда іс-сапармен

ҚМДБ аппарат басшысы Қордайда іс-сапармен

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев мырза Жамбыл облысы, Қордай ауданына арнайы іс-сапармен  келді. Ғ.Мәжиев мырзаны ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Д.Жұмабаев, Қордай ауданының бас имамы Ә.Шалбаев қарсы алды. Аппарат жетекшісі Ғ.Мәжиев мырзаны  Қордай ауданының әкімі Қ.Ә Досаев қабылдады.

Аудан әкімі Қ.Ә.Досаев аудандағы діни ахуалды тілге тиек етіп, аудандық «Қордай» мешітінің, аудан бас имамы Ә.Шалбайдың жұмысына оң баға берді. Өз сөзінде Қ.Ә.Досаев биылғы жылғы Рамазан айын еске алып, аудандық «Қордай» мешітінде Рамазан айы жоғары деңгейде өткендігінің бірнеше жолы өзі куәсі болғандығын айтты.

Сөзін жалғастыра келе аудан әкімі ауданымызда 53 мешіт тіркелкендігін, оның біразы Масаншы, Сортөбе ауыл аймақтарында екендігін айтып, Масаншы ауылында қалыптасқан діни ахуалды тұрақтандырып, оң шешімін табуды сұрады. Сапар өз жалғасын   Масаншы ауылында орналасқан «Мұсылмандар» мешітінде тапты. Мешітте өткен жиынға ауыл әкімі Я.Искаков, №50 орта мектеп директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, «Нұр Отан» саяси партиясының мүшесі Машанло Малик Джебурович мешіт жамағаты, ауыл имамдары қатысты.

Кездесуде аталмыш мешіт аумағында орналасқан ғимаратта қарилар орталығын ашу жөнінде ұсыныстар талқыланып, көпшіліктің мақұлдауымен «Қарилар орталығын» ашу бір ауыздан келісіліп, хаттамамен бекітілді. Кездесу барысында Ғылымбек Мәжиев мырза ҚМДБ  жұмысының бағыт бағдарын сипаттап, түсіндіріп, атқарылып жатқан жұмыстар жайлы сөз қозғады. Жамағат ҚМДБ жұмысына оң баға беріп, дән риза болды. Келесі жиын Масаншы, Сортөбе және Аухатты ауыл аймақтарының имамдарымен өтті. Ауыл имамдарынада төрт бағыт бойынша жұмыс, Биылғы  «дін мен дәстүр» жылы аясында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы ақпарат беріліп, көкейкесті мәселелер талқыланды.

Аудандық «Қордай» мешітінің
Баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: