Қала мешіттерімен танысты

Қала мешіттерімен танысты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қалалық «Әулие ата» мешітінің жаңа тағайындалған бас имамы Алмаханов А.Д. жұмысын қаланың солтүстік тарапындағы мешіттермен танысудан бастады.  Ә дегеннен көзге шалынғаны, шағын болса да мешіттердің сырт көрінісінің дін ғимаратына сай сәулеттілігі. Қысқы маусымға дайындалып, бұталған тал-ағаштар жарасымды сән береді. Бірінші күні аралаған аралаған «Айсұлу ана», «Құлбай баба», «Дәруіш ата», «Асым ата», «Шейх Зүннін» мешіттерінің бәрі де қазандық көгілдір отынмен ысытылып, жылу еден арқылы беріледі екен. Мешіттердің іші де жарасымды жабдықталып, көрнекті діни оқу құралдарымен қамтамасыз етілген. «Айсұлу ана», «Құлбай баба» мешіттері жаз мезгілін тиімді пайдаланып маусымдық жөндеу-әрлеу жұмыстарын бітіріп алса, «Шейх Зүннін» мешіті жылдан-жылға жамағат санының өсуіне қарай, олардың ішінен қолдаушы намазхандар тауып, ғибадат жасайтын қосымша зал соғып алыпты.

Өрт қауыпсіздігі де назардан тыс қалған жоқ. Мешіттің ішкі жұмысын көрсететін іс қағаздарының ретті болуы да сөз болып, мешітке қатысты іс қағаздарының үлгілері таратылды.

Кездесу барысында имамдармен әңгіме өткізіп, бүгінгі қоғам талабына сай дін істерін ширата түсу керегін ескертті.

Аят Дыбысұлы бесін намазын «Асым ата» мешітінде өтеп, екінді намазында «Шейх Зүннін» мешітінде жамағатпен бірге болып, көпшілікпен 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: