Қордай имамдарының айлық жиналысы

Қордай имамдарының айлық жиналысы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданының бас имамы Ә.Шалбайдың ұйымдастырыуымен аудан бойынша имам-молдалардың кезекті ай сайынғы жиналысы өтті. Жиналысты аудан имамы Ә.Шалбай жүргізді. Көтерілген өзекті мәселелердің біріншісі ол мешіттерді легализациядан өткізіп, құжаттарын реттестіру. Осы мәселе бойынша екі мешіттің легализациядан өткендігі анықталып, барша имамдарға жеке-жеке тапсырмалар берілді. Мешіт құжаттарын реттестіруде белсенділік таныту тапсырылды.Екінші көтерілген өзекті мәселе ол ҚМДБ баспасөз құралдары «Ислам және өркениет» газеті мен «Иман» журналына жазылу. Бұл мәселе бойынша жұмысы лайықсыз имамдарға сын айтылып, жалпы науқаннан қалыс қалмау тапсырылып, бұл баспасөз құралдары дінімізді уағыздаудағы және ҚМДБ жұмыстарымен бұқара халықты таныстыру үшін қолданылатын мүмкіндік екеніндігін Ә.Шалбай баса айтты. Мешіттердің қыс маусымына дайындығы, төрт бағыт бойынша жұмыс, үшінші тоқсан есебі сынды мәселелер көтеріліп, нақты тапсырмалар берілді. Өкіл имам Д.Жұмабаевтың ұйғарымымен «Һибатулла Тарази» медресесінде өткізілген семинарға Қордай ауданы бойынша 37 имам қатысып, білімдерін шыңдап қайтты. Семинардан алған әсері жайлы ауыл имамдары Ә.Шалбаймен бөлісіп, өқіл имам Д.Жұмабаевқа өз алғыстарын білдіруде. Жиналыс дәстүріміз бойынша ақ батамен аяқталды. Мақсат айқын, тек қызмет ету қалды.

Аудандық «Қордай» мешітінің
Баспасөз қызметі

 

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: