Шу ауданында кері тартпа ағымға байланысты өткен жиын

Шу ауданында кері тартпа ағымға байланысты өткен жиын

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданының әкімшілік залында «Діни экстремизм және терроризм алдын алу барысында жастарды тәрбиелеу» атты тақырыбында жиналыс болды. Жиналысқа Жамбыл обл әкімдігінің дін проблемаларының зерттеуорталығының «Гуонлён» жастар қоғамдығының бірлестігінің Төреғасы Рашид Бакиров, Шу аудандық ішкі саясат мамандары ауданға қарасты әр ұлт өкілдерінің жетекшілері, Шу аудандық мешітінің бас имамы Мусаев Қ. Шу қалалық мешітінің имамы Үрпеков Қ. Шу қалалық Шіркеу басшысы П.И.Владимирович осы секілді т.б жастар қатысты. Бірінші болып баяндамаға облыстан келген зерттеуорталығының «Туонлен» жастар қоғамдығының бірлестігінің Төреғасы Рашид Бакиров не мақсаттарымен келгендерін сипаттап өттіп, залда отырған қатысушыларға «Салафия» ағымның зияны және жалпы шет елден келген миссионерлердің зиянын сөз етті.

Келесі болып сөз кезегі Шу ауданының бас имаы М. Қуандыққа берілді. М.Қуандық өз баяндамасында аудан бойынша мешіт қызметкерлерінің шаруаларына тоқталып,қандай бағытта қызмет атқарып жатқандарынбаяндап, және жастардың діни білім алуға рұқсатсыз шет елдерге шығып кетпеуіне, қандай діни білім алам десе де, жергілікті мешіт қызметтерінен алып тұруын, және де осы сияқты түйіткілді мәселелерді көтерді.
Баяндама соңынан аудан имамына залдағы қатысушылар тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, тиісті жауаптарын алды.

Жиын соңынан кері тартпа ағымға байланысты аудан бойынша жұмыс істеп, қызмет атқарып жатқан аудан қызметкерлеріне облыстан келген «Гуонлён» жастар орталығының басшысы Бакиров Рашид мырзы сертификатпен марапаттады.

Шу аудандық Төле би мешітінің
баспа сөз қызметшісі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: