Иманды ұл-қыз, жарқын болашақ келбеті

Иманды ұл-қыз, жарқын болашақ келбеті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуырда аудандық техникалық шығармашылық орталығының ғимаратында «Имандылық жарасады ұл - қызға» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өткізілді. Техникалық шығармашылық орталығының оқушыларына аудандық мешіттің бас имамы З.Исаев, техникалық шығармашылық орталығының директоры А.Айнақұлов және орынбасары Ж.Аманбекова қазіргі заман қыз тәрбиесі мен ұл тәрбиесіне ерекше мән беру керектігін тілге тиек етті.


Дөңгелек үстелде әдептілік, инабаттылық, діни сауаттылық жайлы сөз болды. Аталған шығармашылық орталығының оқушылары аудандық мешіттің бас имамы З. Исаевқа өздерінің көкейінде жүрген түрлі діни сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алса, бұқаралық бөлімінің меңгерушісі С.Аманова иман тақырыбында байыпты баяндама жасады.
Қорытындылай келе оқушылар ислам діні туралы сауаттарын ашып, жаман пиғылды ағымдардан аулақ болудың жолдарын түсінді.


Т. САРЫБАЕВ

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: