Бас Мүфтидің сұхбаты талқыланды

Бас Мүфтидің сұхбаты талқыланды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуалы ауданында орналасқан Б.Момышұлы ауылдық орталық «Толымбайтегі Зиябек» мешітінде аудан молдаларының кезекті айлық жиналысы өтті. Жиналыс тақырыбы Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлының «Хабар» агенттігінің «Көзқарас» бағдарламасына берген сұхбаты негізінде өрбіді.

Жүргізуші Ирак Елекеев пен көрермендердің тарапынан қойылған сұрақтар, оған Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тұшымды әрі ұғынықты берген жауаптары қосымша ой елегінен өткізілді. Әсіресе дін мен дәстүрдің сабақтастығын түсіну әрі түсіндіру қажеттілігі, дінді жеткізудегі имамдардың біліктілігін арттырып, біліммен шыңдала түсу керектілігі, имам-молдалардың дінімізді жаюдағы ұстанымдары, жат ағымдармен сабырлықпен әрі біліммен, парасатпен күресу керек екенділігі, өйткені жат ағым дегеніміз аты айтып тұрғандай, жүрген жерін жапырып өтетін бір сәттік ағынды тасқын суға ұқсайтындығы, тыңғылықты пайдасы жоқ, не тұрақты да емес, бүгін бар да ертең жоқ, иман шыңдалу үшін үммет өтуі тиіс, өтпелі сынақ бір дүние екенділігі, сол үшін де оған төтеп беру үшін, әуелі иманмен сабырлық, парасатпен даналық қажырлы еңбектің қажеттілігі, Пайғамбарға барып тірелетін мазхаб ғалымдарының ұстынына сүйену арқылы жат ағымның ықпалына түскен жастармен жасырында ашық та сұхбатқа түсіп, ертең жоғалар ағымдардың ағысынан жастарды сақтап, ел бірлігімен дін тұтастығына сызат түсірмеу керектілігі, сондай-ақ осы өтпелі кезеңдегі негізгі жауапкершілік имам молдалардың мойнында екенділігі түсіндірілді.

Ұлытау төріндегі сөйлеген сөзінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев діннен мақсатына қатысты ел игілігіне жарар барша жақсылықты күтетіндігін білдірген еді. Сол үшін де Дінбасымыз осы сөзді негізге ала отыра дін қызметкерлерінен діннің тазасын ұстана отыра, елдің тыныштығына, береке-бірлігіне қызмет етуді бұйырды. Имам-молдалар осы сұхбатты тыңдап, талқылаған соң, өз жұмыстарын жаңа қырынан танып, белсенді жұмыс істейміз деп тарқасты.

Жуалы ауданы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: