«Мәдениет және өнер» кафедрасында өткен іс шара

«Мәдениет және өнер» кафедрасында өткен іс шара

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қалалық «Әулие ата» мешітінің Бас имамы Алмаханов Аят Дыбысұлы Тараз Мемлекеттік Университетінің «Мәдениет және өнер» кафедрасында Мәдени-тынығу жұмысы мамандығының студенттері арасында «Дін және қоғам» атты кездесуге қатысты.

Дінсіз қоғам – мұңсыз қоғам. Бұл жерде – «мұңсыз қоғам» дегенде дін болмаса бәрі керемет, өзіміздің қалағанымыздай шалқып-тасып, қайғы-мұңсыз өмір сүру екен деп түсініп қалмауымыз керек. Данышпан Абай атамыз: «Қарны тоқтық, қайғысы жоқтық – аздырар адам баласын»,- деп текке айтпаған.

Сонымен қатар ол жерде қазіргі таңдағы діни ахуал, әр түрлі жат ағымдардан сақтану, өзіміздің төл дініміз имам Ағзам Абу Ханифа мазхабы жайлы айтылды. Студенттер көкейінде жүрген сұрақтарын қойып қанағаттанарлық жауаптарын алды. Бұл кездесуге студенттермен қатар мұғалімдер де қатысты. Бұл іс шараны ұйымдастырушы Айжан Есжанқызы имам Аят Дыбыс ұлына өз ризалығын білдірді.

Тараз қалалық “Әулие ата» мешітінің
баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: